Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола полицейлері өңірде пәтер ұрлығымен айналысқан Қостанай облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Целиноград АПБ-ға Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны жүгініп, 30 желтоқсанда белгісіз біреудің пластикалық терезені қысып ашу арқылы үйге кіріп, оған тиесілі жеке мүлікті: “Lenovo” маркалы ноутбукты, “ЖетіҚазына” коллекциялық монеталар жинағын ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 390 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Целиноград АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.
Ол бұған дейін ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қостанай облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары ұсталған адамның 21 желтоқсанда Қоянды ауылында жасалған жалпы сомасы 1.5 млн теңгеге пәтер ұрлығының тағы бір эпизодына қатысы бар екенін анықтады.
Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленіп, қылмыстық тергеу материалдарына қоса тіркелді. Полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?