Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРеспубликалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының жабық учаскесінен қатты аязға байланысты құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп, дизель отынымен жүретін жолаушылар автобусынан 49 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осылайша, Тәжікстан Республикасының 49 азаматы Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
«Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40градус аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Департаментіңізге, Қазақстан халқына бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Осындай суықта бізге көмектескендері, жылы жерге орналастырғандары, тамақтандырғандары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деп эвакуацияланғандардың бірі атап өтті.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Darmen» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?