Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөлік министрлігі Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
20 шілде күні сағат 18:54-те Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақ өртенді. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі «Бүркіт-Авиа» ЖШС-не тиесілі, - делінген мәліметте.
Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылып, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.
Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі, - деп қосты министрлік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді