Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайАқмола облысының «Қазсушар» филиалы су қоймаларына жиналған тасқын суын өңірдің өзендері мен көлдеріне жіберуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиалдың бас инженері Олжас Тұржанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқыны басталғаннан бері Астана су қоймасына 73 млн текше метр су келіп, 6,7 млн су жіберілді. Сілеті су қоймасына 249 млн текше метр су келіп, 177 млн текше метр су тасталды. Шағалалы су қоймасына 41 млн текше метр су түсті, 30 млн текше метр жіберілді.
Су қоймаларынан тасталған су жергілікті экожүйені қолдау және мал шаруашылығын жем-шөп базамен қамтамасыз ету үшін өзендер арқылы көлдерге және аймақтың басқа да су объектілеріне жіберіледі. Су қоймаларында жиналған тасқын су ауыл шаруашылығында, елді мекендерді сумен жабдықтау және гидроэнергетика қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.
Нысандарда тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі, екі сағат сайын ақпарат жаңартылып отырады, барлық мүдделі органдар жедел хабардар етіледі. Көктемгі су тасқыны басталар алдында филиал гидротехникалық құрылыстарды тексеру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді, -деді Ақмола облысының «Қазсушар» филиалының бас инженері Олжас Тұржанов.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат