10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар трассалардың бірінде көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясыны 2025 жылғы 3 қараша күні сағат 16:00-ден бастап «Астана - Көкшетау (айналма жол) - Петропавл - Ресей шекарасы» бағытындағы 19–231 шақырым аралығында көліктердің жүру жылдамдығы 110-нан 80 км/сағ дейін төмендетілді.
Компания бұл шектеуді енгізуге ауа райының күрт нашарлауы, соның ішінде қар, көктайғақ және көріну қашықтығының төмендеуі себеп болғанын атап өтті.
«Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жылдамдық режимін төмендету туралы шешім қабылданды», — делінген ресми хабарламада.
Жолдағы қозғалыс шектеуі сол күні сағат 21:00-де ауа райы тұрақталған жағдайда қайта алынып тасталады. Қазіргі уақытта жол қызметтері мен полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
«Қазгидромет» орталығының дерегінше, алдағы тәуліктерде еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын (көбіне қар түрінде) жауып, желдің күшеюі, сондай-ақ тұман мен көктайғақ күтіледі.
Солтүстік облыстарда жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Мамандар жүргізушілерге ұзақ сапарға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын тексеруге, көліктің қысқы жабдықтарын дайындауға және жылдамдық тәртібін қатаң сақтауға кеңес береді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді