Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысында жоғалып кеткен 24 жастағы азаматтың денесі екі аптадан соң табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біржан сал ауданында жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынды іздеу жұмыстары 2 апта бойы жалғасқан. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі мүгедек жігіттің жоғалғаны туралы хабарлама 19 қараша күні полиция түскенін мәлімдеді. Оған дейін марқұмды туыстары өздері іздеп таппай болған.
Дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері, еріктілер мен жанашыр азаматтардан арнайы топтар құрылды. Іздестіру топтары орманды әрі далалы алқаптарды, жақын маңдағы елді мекендерді аралап шықты. Аумақты кеңірек қамту үшін дрондар мен қызметтік көліктер пайдаланылды», - деп жазылған полиция департаментінің ақпаратында.
30 қараша күні полицейлер хабарсыз кеткен тұрғынның мәйітін жазық даладан тапты. Өлімнің нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болмақ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді