Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқмола полицейлері қолайсыз ауа райында 2500-ден астам көлік жүргізушісіне жол көрсетті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үш күн ішінде Ақмола облысының автожолдарында ауа райына байланысты бірқатар шектеулер енгізілді және көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Жолдарда жиналған көліктерді қадағалау үшін патрульдік полиция бөлімшелері оларды ілестіріп жүруді ұйымдастырды. Автокөліктерді орналастыру кезінде полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимі мен аралықты сақтау қажеттілігін түсіндіреді.
24-26 желтоқсан аралығында полицейлер 2568 автокөлікті, оның ішінде Астана – Петропавл, Астана – Ерейментау – Шідерті, Астана – Теміртау және Көкшетау – Атбасар автожолдарының учаскелерінде 399 жүк көлігін ілестіріп жүрді.
Жол қызметтері мен ішкі істер органдарының жедел өзара іс-қимылы мақсатында Ақмола облысына іргелес: СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарымен ауа райы және жол жағдайлары нашарлаған кезеңде автомобиль жолдарын бір мезгілде жабу жөнінде шешім қабылданды.
26 желтоқсандағы жағдай бойынша қозғалыс Көкшетау – Петропавл, Көкшетау – Омбы, Көкшетау – Рузаевка, Көкшетау – Атбасар (Зерендіден Атбасар қаласына дейін), Екатеринбург – Алматы (Жақсы ауылынан Астана қаласына дейін), Жақсы – Есіл – Бузулук, Қостанай – Әулиекөл – Сурған, Жезқазған – Петропавл жолдары жабылды.korsetti/
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек