Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Ақмола облысында полицейлер көктайғақ салдарынан орнынан қозғала алмай қалған 10 ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне бірнеше сағат бойы көмек көрсетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақсы-Есіл-Бұзылық тас жолында, жұмыс кезінде жол арнайы техникасы: автогрейдер және жүк тиегіш жол жиегіне түсіп кетті.
Оқиға орнына Санжар Қожеғұлов пен Ақыл Секенов құрамындағы патрульдік полиция батальонының экипажы келді. Құтқару операциясын жүргізу кезеңінде 10 автокөліктен тұратын ауыр жүк колоннасы тоқтатылды, алайда кейіннен көктайғақтың салдарынан жүк көліктері орнынан қозғала алмады. Полицейлер әр жүк көлігінің астына құмды сеуіп, содан кейін арнайы техниканың көмегімен көлік құралын жолға шығарды. Осылайша, бүкіл құтқару операциясы үш сағаттан астам уақытты алды.
Іс-шаралар аяқталғаннан кейін ауыр жүктердің қозғалысы жалғасты, көліктер өтуі үшін жол участіктері тазартылды.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай