Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысында өрт оқиғалары жиілеп кетті: тек 2024 жылы 29 оқиға тіркеліп, 10 адам қаза тауып, 46 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның мәліметінше, Бурабай ауданында биыл 6 оқиға тіркеліп, олардың салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды. Улы газдан улану салдарынан 3 адам қайтыс болды. Осыған байланысты, Бурабай ауданы прокуратурасы ауданның Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында түтін мен улы газды уақытылы анықтау және оған жедел әрекететуге арналған көмірқышқыл газының детекторлары орнатылды.
Сонымен қатарЦелиноград ауданында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, 3 адам жарақат алды. Шортанды ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды. Сол сияқты, Қорғалжын ауданында газ баллонының жарылуынан 3 адам қазатауып, 16 адам жарақат алды.
Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!- делінген хабарламада.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді