Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТөтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ТЖМ жедел штабында өртті тез арада жоюға бағытталған міндеттердің орындалуын жеке бақылауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі уақытта өрт орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылған. Сонымен бірге, ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы іске қосылды. Өрт басталғалы бері тікұшақпен 45 тонна су шашылған.
Министрліктің мәліметінше, өрттен мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Бүгін 15.50-де Зеренді ауданының Ақкөл ауылдық округінде алдын ала болжам бойынша 10 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды, от орман алқабына өтті. Метеорологиялық жағдай: +32 градус, оңтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 4 м/с, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.
Белгілі болған дерек бойынша, жылдам таралатын төменгі өрт орын тіркелген. Өрт сөндірушілер жағдайдың асқынуын болдырмау және жою үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Өртті жер үсті тәсілімен сөндіруге Ақмола облысындағы ТЖМ бөлімшелерінің және "Бұқпа ОШМ" КММ-нің 130-ға жуық адамы мен 15 техникасы жұмылдырылған.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды