7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі қыз алаяқтың құрбаны болды,
Бурабай ауданында мүмкіндігі шектеулі қыздың ұялы телефоны ұрланып, оның атына онлайн несие рәсімделді. Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, II топтағы мүгедектігі бар 33 жастағы қызы 12 қаңтарда серуендеуге шығып, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Кейіннен қыздың Қатаркөл ауылында белгісіз ер адаммен жүргені анықталды. 14 қаңтарда қызы анасына көліктері сынып қалғанын айтып, фотосурет жіберген. Алайда арада аз уақыт өткен соң онымен байланыс мүлдем үзілген. Белгілі болғандай, сол ер адам қыздың Samsung Galaxy A12 телефонын жымқырып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, тексеру жүргізуде.
Тергеу барысында қаскүнемнің ұялы телефонды ғана емес, мобильді банкингке кіру деректерін де иемденгені белгілі болды. Ол алаяқтық жолмен қыздың шотынан 201 755 теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдасына жаратқан. Зардап шеккен қыздың анасы бірден полицияға арыз жазды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?