Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОблыста алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық белсенді түрде жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылға арналған резерв облыстық бюджетте 15,5% - ға, облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде елді мекендерден қар шығаруға 28%-ға, облыстың 9 ауданында жарылыс жұмыстарын жүргізуге өткен жылмен салыстырғанда 20% - ға артық жоспарланған.
Ағымдағы жылы тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен елді мекендерден 90,3 мың м3 қар шығарылды. Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін 154 тонна жанар-жағармай, 15,6 мың тонна инертті материалдар, 63,2 мың қапшықтар көлемінде қорлар дайындалды. Өзендердің қауіпті учаскелеріндегі судың жай-күйі мен деңгейіне мониторинг жүргізу үшін 92 қосымша бақылау бекетінің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру жоспарлануда. Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға дайындығын тексеру үшін ағымдағы жылдың ақпан айында «Көктем-2023» РКШО шеңберінде күштер мен құралдардың дайындығына тексеру жүргізілетін болады.
Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айында Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Целиноград ауданының Р.Қошқарбаев ауданында Нұра өзені бойынша жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу іс-шаралары бойынша жергілікті бюджет есебінен оң қорытындымен жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 2022 жылғы қыркүйекте облыс әкімдігі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бюджеттік өтінімді қайта берді.
Бүгінгі таңда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 269 млн.теңге бөлу жоспарлануда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді