19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақмола облысында ер адам жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 қыркүйек сағат 14:15-те Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы фельдшерінен кәсіпорында жұмыс істейтін ер адамның қаза тапқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводская кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы қайтыс болғанын анықтады.
Ер адам оған бекітілген бетон тірекпен бірге биіктіктен құлап қайтыс болды. Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 156-3-бап (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары