30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқмола облысында ауруханадан қашып кеткен 13 жасар жасөспірім қыз Ақкөл қаласынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Учаскелік инспекторлар қызметтік автокөлікпен жүріп келе жатып, полиция көлігін көріп, жақын маңдағы дүкенге тез жүгіріп бара жатқан қызды байқады. Жасөспірімнің бұл әрекеті тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінді. Қызды көріп, іздеуде жүрген Элеонора Аяшеваны таныды.
Қыздың айтуынша, ол Ақкөлге 14 ақпанда келіп, досының үйінде түнеген. 2022 жылдың желтоқсанында қыздың ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылып, ол "Сандықтау ауылының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығы" КММ-де болған.
Қазір қыз бала Ақкөл қаласындағы ұқсас мекемеге орналастырылды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды