Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОстрогорск ауылдық округінің әкімі Новый Колутон ауылын сумен қамтуға жауапты ЖШС жұмысшысына қол көтерген. Ер адам соққыдан құлап, денелері сырылып, көгерген, кейін сотқа жүгінген, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
К.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және сарапшының қорытындысымен расталды, - делінген Ақмола облысы Астрахан аудандық сотының хабарламасында.
Сот әкімнің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, оның мінезі байсалды екенін ескерді. Сондай-ақ іс бойынша ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Осыны ескере отырып, сотталушыға 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл салынды.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді