Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысындағы тас жолда бұзылған автобустан 16 ресейлік азамат эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 қаңтарда Астана - Петропавл тас жолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев мен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai маркалы автобусты байқайды. Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі - 6 жасар бала. Жылыну үшін баланы дереу полиция қызметінің көлігіне ауыстырды, - делінген ақпаратта.
Автобус жолаушылары Біржан сал ауданына қарасты ауылдық кітапханада орналасқан жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді.
Бұл аумақтағы көлік қозғалысын бақылайтын инспекторлар автобусты жөндеуге сүйреп апарғаннан кейін ғана өз орындарын тастап кеткен. Жүргізуші полицияға қиын жағдайда көмектескені үшін алғысын білдірді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді