Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқбота Керімбекова 88 жастағы Нұрғали Нүсіпжановты құттықтап, халықты мерейтойға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ел сүйіктісі Нұрғали Нүсіпжановтың сахнада жүргеніне 70 жыл толды.
Мерекеңіз құтты болсын! Көкеміздің сахнада жүргеніне 70 жыл! Бұл – тек бір адамның емес, бүкіл қазақ өнерінің тойы. Баршаңызды мерейтойға шақырамыз. Алда үлкен той! Құдай сізге күш-қуат, денсаулық берсін! Мұндай аңыз адамдар – халқымыздың байлығы, – деді ол.
Алайда әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар әншінің сырт келбетіне қатысты түрлі пікірлер қалдырып, қызу талқыға салды.
«Ағамыз манекен сияқты боп қалыпты», – десе, енді бірі: «Жас жар алған соң, бет әлпетін жасартқан болар, – деген сыни көзқарастар білдірді.
Дегенмен, көпшілік Нүсіпжановтың өнер жолындағы ерен еңбегін жоғары бағалап, мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілеп жатыр.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов – қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі. Сахнада 70 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан өнер иесі бірнеше буын тыңдарманның жүрегінен орын алған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді