10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАзат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кеше ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды. «Ақ жол» демократиялық партиясы өз кампаниясын Ұлытау облысынан, Қазақ хандығының даңқты ізбасары Жошы ханның кесенесі барып, тағзым етуден бастады.
Бүгін партия лидері Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса мен Берік Дүйсенбинов, сондай-ақ, партияның жергілікті филиалының жетекшісі Ермек Әбілдин бастаған «Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Қарағанды облысына келіп, кәсіпкерлермен және облыс жұртшылығымен кездесулер өткізді.
Жиын барысында сөз алған жергілікті кәсіпкерлер еркін экономикаға және адал бәсекелестік жолына көшу, монополияға жол бермеу, мемлекеттің бизнеске араласуын шектеу қажеттігі туралы айтты.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді