7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтеді. Бұл Италияның Олимпиаданы төртінші рет қабылдауы, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарар 2019 жылдың 24 маусымында Халықаралық олимпиада комитетінің Лозаннадағы 134-сессиясында қабылданды. Милан алғаш рет жазғы Олимпиада ойындарын өткізсе, Кортина-д’Ампеццо 1956 жылы қысқы ойындарды қабылдаған болатын.
Олимпиаданың ресми бойтұмарлары – Тина мен Мило, олар мектеп оқушыларының ұсынысы бойынша жасалған. Барлығы 1600 түрлі дизайн ұсынылған болатын.
Жарыстар 16 спорт түрінен өткізіліп, 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 3500-ге жуық атлеттің қатысуы күтілуде. Бұл жарыстарға биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, фристайл, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, ски-альпинизм, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек сияқты спорт түрлері кіреді. Сонымен қатар, ски-альпинизм алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енгізілген.
Жарыстар Италияның әртүрлі қалаларында ұйымдастырылады. Әр аймақ өз аймағында арнайы спорт кешендерін ұсынуда. Қазақстан да 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға шақырту алған. Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадада 1994 жылдан бері қатысып, жалпы саны 8 медаль жеңіп алды – 1 алтын, 3 күміс және 4 қола.
Алдағы қысқы олимпиадалар 2030 жылы – Францияда, 2034 жылы АҚШ-та өтеді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?