19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бүгін Милан және Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында спорттың үш түрінен сегіз саңлақ жарыс жолына шығады.
Алдымен, Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбев, Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеуде бақ сынайды. Тартыс 14:30-да басталады.
1500 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден Надежда Морозова мен Елизавета Голубева мұзайдынына шығады. Сайыс 20:30-да басталады. Айта кетерлігі, Надежда Морозова 5000 метр қашықтықта үздік ондыққа кірген-ді. Бұған дейін ол 3000 метрде – алтыншы, 1000 метрде 14-орын алған.
Шорт-тректен әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықтағы ширек финалда Яна Хан мен Ольга Тихонова өнер көрсетеді. Жарыс 20 ақпаннан 21 ақпанға қараған түні, 00:15-те басталады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары