Apple жаңа құрылғыларын таныстырды: алғашқы бүктелмелі iPhone Duo

Apple жаңа құрылғыларын таныстырды: алғашқы бүктелмелі iPhone Duo

Көктем Қарқын
Фото: Apple

Apple 2026 жылғы қыркүйектегі таныстырылымында жаңа құрылғылар топтамасын ұсынды. Компания үшін бұл жолғы шараның басты жаңалығы – тарихындағы алғашқы бүктелмелі смартфон iPhone Duo. Сонымен қатар iPhone 18 Pro және 18 Pro Max, AirPods 5, Apple Watch Series 12 және Apple Watch Ultra 4 таныстырылды.

Жаңа iPhone 18 Pro және 18 Pro Max модельдері A20 Pro процессорымен жабдықталған. Ең маңызды жаңалықтардың бірі – 48 Мп негізгі камерадағы ауыспалы диафрагма.

Фото: Apple

Диафрагма жарық жағдайына қарай автоматты түрде реттеледі. Бұл қараңғы ортада түсірілім сапасын жақсартуға, ал жарық жерде кадрдағы детальдарды жақсы сақтауға мүмкіндік береді.

Apple жаңа модельдерде салқындату жүйесін де жетілдірген. Компанияның мәліметінше, iPhone 18 Pro желісі iPhone тарихындағы ең ұзақ автономды жұмыс уақытын ұсынады.

Фото: Apple

Смартфондар төрт түсте шығарылады: қара, күміс, ашық көк және бордо. Бағасы:

Алдын ала тапсырыс 12 қыркүйекте басталып, сатылым 18 қыркүйекте ашылады.

Фото: Apple

Apple-дың алғашқы бүктелмелі смартфоны

Таныстырылымдағы ең көп назар аудартқан құрылғы – iPhone Duo. Бұл Apple тарихындағы алғашқы бүктелмелі iPhone.

Құрылғы кітапша тәрізді ашылады. Ашылған кезде ішкі дисплейінің диагоналі 7,6 дюйм, ал сыртқы экраны 5,4 дюйм болады. Үлкен экранда екі қосымшаны қатар пайдалануға болады. Мысалы, бір жағында браузер ашық тұрса, екінші бөлігінде хабарлама жазуға мүмкіндік бар.

Фото: Apple

iPhone Duo-ның тағы бір ерекшелігі – Apple Pencil қолдауы. Сондай-ақ смартфонда Face ID орнына бүйірдегі батырмаға кіріктірілген Touch ID қолданылады.

Құрылғы A20 Pro чипінің арнайы нұсқасы және жаңа C2 модемімен жабдықталған. Apple мәліметінше, жаңа модем байланыс жылдамдығын арттырып, энергия тұтынуды азайтады.

Смартфон 24 сағатқа дейін жұмыс істей алады. 20 минутта батареяны 50%-ға дейін зарядтауға мүмкіндік бар.

iPhone Duo тек eSIM қолдайды. Ішкі жадының ең жоғарғы көлемі – 2 ТБ.

Бағасы 1999 доллардан басталады. Алдын ала тапсырыс 16 қазанда қабылданады, ал сатылым 23 қазанда басталады.

AirPods 5: шуды басу жүйесі жаңарды

Apple жаңа AirPods 5 құлаққабын да таныстырды. Жаңа модельде белсенді шуды басу технологиясы жетілдірілген.

Фото: Apple

Apple мәліметінше, Active Noise Cancellation жүйесі алдыңғы буынмен салыстырғанда 1,5 есеге дейін тиімді жұмыс істейді. Құрылғы сыртқы дыбыстарды талдап, қажетсіз шуды азайтады.

AirPods 5-тің тағы бір ерекшелігі – Live Translation функциясы. Ол сөйлесуді нақты уақыт режимінде аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Siri-мен байланысы күшейтілген.

Құлаққап екі нұсқада ұсынылады:

Apple Watch Series 12 денсаулық көрсеткіштерін бақылайды

Apple Watch Series 12 мен Apple Watch Ultra 4 сыртқы дизайны жағынан айтарлықтай өзгермегенімен, сенсорлық жүйесі жаңартылған.

Жаңа жүйе жүрек соғуын дәлірек бақылауға және адамның физикалық жағдайы туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Фото: Apple

Сағат ұйқыны, күнделікті белсенділікті және басқа да көрсеткіштерді талдап, адамның жүктемеге дайындығын бағалайды. Health қосымшасында денсаулық жағдайына қатысты жаңа көрсеткіштер де пайда болады.

Apple Watch Series 12 жаңа S11 чипімен жұмыс істейді.

Series 12 бағасы 399 доллардан, ал Apple Watch Ultra 4 бағасы 799 доллардан басталады. Екі модель де 18 қыркүйекте сатылымға шығады.

Сағат айналадағы дыбыстарды да талдай алады

Apple Watch-та Audio Intelligence функциясы пайда болды. Ол айналадағы дыбыстарды танып, сөйлеуді мәтінге айналдырып, естілген ақпараттың қысқаша мазмұнын дайындай алады.

Ал Live Rewind функциясы айналадағы соңғы бірнеше секундтағы дыбысты қайта тыңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, біреу маңызды ақпарат айтып жатқанда оны естімей қалсаңыз, соңғы айтылған сөздерді қайта тыңдауға болады.

Кейбір жаңа жасанды интеллект функциялары әзірге тек ағылшын тілінде жұмыс істейді.

Apple үшін бұл таныстырылымның басты жаңалығы – компанияның бүктелмелі смартфондар нарығына шығуы. iPhone Duo арқылы Apple Samsung және Google сияқты өндірушілер бірнеше жылдан бері дамытып келе жатқан жаңа форм-факторға қосылды.

Жаңа құрылғылардың негізгі бағыты да айқын: жасанды интеллект, денсаулық көрсеткіштерін бақылау, камера мүмкіндіктерін жетілдіру, көптапсырмалылық және Apple құрылғыларының өзара байланысын күшейту.

Оқи отырыңыз

{