Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқылды сағаттар бүгінде уақыт көрсететін құрылғы ғана емес. Олар қоңыраулар мен хабарламаларды қабылдауға, күнделікті белсенділікті бақылауға және денсаулық көрсеткіштерін қадағалауға мүмкіндік береді. Ал жаңа Apple Watch Series 12 мен Apple Watch Ultra 4 адамның ұйқысы, физикалық белсенділігі және ағзасының қалпына келуі туралы көбірек мәлімет алуға көмектеседі.
Күнделікті тіршілікте жұмысқа асығып, түрлі шаруамен жүріп, өзіміздің қалай шаршағанымызды немесе қаншалықты қозғалғанымызды байқамай қаламыз. Кейде сегіз сағат ұйықтасақ та, таңертең сергек оянбаймыз. Ал кей күндері аз ұйықтасақ та, өзімізді жақсы сезінеміз.
Мұндай өзгерістердің себебін түсінуге Apple Watch-тың жаңа мүмкіндіктері көмектесе алады.
Таңертең ағзаңыздың қаншалықты дайын екенін көрсетеді
Apple Watch Series 12 мен Apple Watch Ultra 4 моделіндегі жаңалықтың бірі – Readiness функциясы.
Ол ұйқы сапасын, соңғы күндердегі физикалық белсенділікті, жаттығу жүктемесін және ағзаның негізгі көрсеткіштерін талдап, адамның жаңа күнге қаншалықты дайын екенін 0-ден 10-ға дейінгі шкаламен бағалайды.
Мәселен, таңертең оянғанда сағат ағзаңызға демалыс қажет екенін немесе белсенді жаттығуға дайын екеніңізді көрсете алады.
Бұл көрсеткіш күн ішінде де жаңарып отырады. Сондықтан қарқынды жаттығудан немесе ұзақ жұмыс күнінен кейін ағзаңыздағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік бар.
Әрине, мұндай мәліметтер дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Дегенмен күнделікті әдеттердің денсаулық пен көңіл күйге қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.
Қозғалысты көбейтуге ынталандырады
Көп адам спортпен айналысуды немесе күн сайын көбірек жүруді жоспарлағанымен, оны тұрақты әдетке айналдыру оңай емес.
Apple Watch осы тұста да көмектесе алады. Сағат күнделікті белсенділікті тіркеп, қозғалыс мақсаттарына қаншалықты жақындағаныңызды көрсетеді.
Мысалы, күндік мақсатты орындауға аз ғана қадам қалса, тағы бір рет серуендеуге немесе жаяу жүруге ынта пайда болуы мүмкін.
Белсенділік сақиналары арқылы күн ішінде қанша қозғалғаныңызды, жаттығуға қанша уақыт бөлгеніңізді және мақсаттарыңызды орындаған-орындамағаныңызды көре аласыз.
Осылайша спортпен айналысу немесе күнделікті қозғалысты көбейту біртіндеп қалыпты әдетке айналуы мүмкін.
Телефонды үнемі қолға алудың қажеті жоқ
Кейде смартфонды қалтадан немесе сөмкеден шығару ыңғайсыз болатын жағдайлар кездеседі. Мысалы, бала көтеріп жүргенде, тамақ дайындағанда немесе жаттығу кезінде.
Apple Watch арқылы мұндай сәттерде де байланыста болуға болады. Сағаттан келген хабарламаларды оқып, жауап жазуға және қоңырауларды қабылдауға мүмкіндік бар.
Күнделікті өмірде пайдалы болатын басқа да қызметтері жеткілікті.
Асүйде тамақ әзірлеп жатқанда таймер қосуға, спорт залында жаттығу көрсеткіштерін бақылауға, ал жұмыста маңызды кездесулер туралы еске салғыштарды пайдалануға болады.
Сондай-ақ Apple Pay арқылы дүкенде немесе басқа сауда орындарында төлем жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін банк картасын немесе смартфонды іздеудің қажеті жоқ, сағатты төлем терминалына жақындату жеткілікті.
Төтенше жағдайда көмек шақыруға мүмкіндік береді
Apple Watch-тың тағы бір маңызды артықшылығы – қауіпсіздікке арналған функциялары.
Мысалы, күтпеген жағдай туындағанда Siri дауыстық көмекшісі арқылы жақын адамға немесе төтенше жағдай қызметіне қоңырау шалуға болады. Бұл қызметтің қолжетімділігі құрылғы баптауларына, тілге және байланыс мүмкіндіктеріне байланысты.
Бұдан бөлек, сағат қатты құлауды немесе ауыр жол-көлік апатын анықтай алады.
Мұндай жағдайда құрылғы пайдаланушының жағдайын тексеріп, қажет болса, жедел қызметтерге хабарласуға көмектеседі. Тиісті баптаулар қосылған жағдайда төтенше байланыс нөмірлеріне оқиға туралы ақпарат пен орналасқан жерін де жібере алады.
Әрине, бұл мүмкіндіктерді пайдалануға тура келмегені жақсы. Дегенмен төтенше жағдай кезінде қосымша көмек құралының болғаны маңызды.
Apple Watch Series 12 мен Ultra 4: қандай айырмашылығы бар?
Екі модельдің де күнделікті белсенділікті бақылауға, ұйқыны қадағалауға, хабарламалар мен қоңырауларды қабылдауға арналған мүмкіндіктері бар. Алайда олардың негізгі айырмашылығы – қолдану мақсаты мен батареясының жұмыс істеу ұзақтығында.
Apple Watch Series 12 күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы. Ол жұмысқа, серуенге, спортзалға және күнделікті шаруаларға арналған ақылды сағат іздейтін адамдарға лайық.
Құрылғы қалыпты пайдалану кезінде 24 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Ал ашық ауадағы жаттығуларды бақылау режимінде батареясының қуаты 10 сағатқа дейін жетеді.
Apple Watch Ultra 4 белсенді өмір салтын ұстанатын, жиі саяхаттайтын, тауға шығатын немесе ұзақ уақыт жаттығатын адамдарға арналған.
Бұл модельдің корпусы берік, ал батареясы ұзағырақ жұмыс істейді. Қалыпты пайдалану кезінде қуаты 50 сағатқа дейін жетсе, арнайы ұзартылған жаттығу режимінде ашық ауадағы белсенділікті 45 сағатқа дейін бақылай алады.
Мұндай мүмкіндік ұзақ сапарларда, жорықтарда немесе бірнеше сағатқа созылатын спорттық жаттығулар кезінде пайдалы. Демек, Series 12 күнделікті қолдануға қолайлы болса, Ultra 4 күрделі жағдайларға төзімді әрі қуаты ұзаққа жететін құрылғы іздейтіндерге көбірек сәйкес келеді.
Күнделікті өмірдегі ақылды көмекші
Apple Watch Series 12 мен Apple Watch Ultra 4 адамның күнделікті тіршілігін жеңілдетуге арналған түрлі мүмкіндіктерді біріктіреді.
Бір құрылғы арқылы ұйқы мен белсенділікті бақылауға, жаттығу нәтижелерін қадағалауға, қоңырауларға жауап беруге және төлем жасауға болады.
Ең бастысы, ақылды сағат күнделікті әдеттеріңізге көбірек көңіл бөлуге көмектеседі. Қанша қозғалғаныңызды, қалай ұйықтағаныңызды және ағзаңыздың жүктемеге қалай жауап беретінін бақылау арқылы өзіңізге қолайлы күн тәртібін қалыптастыра аласыз.
Apple Watch Series 12 мен Apple Watch Ultra 4 модельдерін Қазақстандағы Apple компаниясының авторизацияланған серіктестерінен, атап айтқанда, iSpace, Sulpak, Mechta, Technodom, Evrika, Freedom Электроника, activ, Tele2 және Beeline дүкендерінен іздеуге болады. Нақты модельдің қолжетімділігін сатушыдан тексерген жөн.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?