Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекApple Inc. компаниясы Қытайдағы бизнесін дамытуға бағытталған инвестицияларды ұлғайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуді көздеп отыр. Бұл туралы компанияның бас атқарушы директоры Тим Кук Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрі Ли Лэчэнмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесуде министр Қытайдың ауқымды ішкі нарығы мен дамыған өндірістік жүйесі инвестиция мен тұтыну тұрғысынан зор әлеуетке ие екенін атап өтті.
Біз Apple компаниясының Қытай нарығын одан әрі игеріп, елдің жаңа индустрияландыру процесіне белсенді қатысқанын қалаймыз. Сондай-ақ компания қытайлық серіктестерімен бірге өндірістік тізбек бойындағы инновациялық дамуға үлес қосады деп сенеміз, – деді Ли Лэчэн.
Оның айтуынша, Қытай алдағы уақытта ашықтық саясатын жалғастырып, өнеркәсіптің интеллектуалды жаңғыруына және цифрлық технологияларды енгізуге басымдық береді. Сондай-ақ ел билігі Apple секілді шетелдік капитал қатысқан компанияларға қолайлы іскерлік орта қалыптастыруға ниетті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?