6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Джордж Бесттің рекордын қайталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, Бест 1970 жылғы Англия кубогында бес гол соққан.
Opta Sports мәліметінше, Англия кубогының 1/8 финалдық матчында «Лутон Таунға» қарсы ойында (6:2) норвегиялық 58 минутта пента-трик жасады. Қарсыластар бұған дейін АПЛ-нің бірінші турында кездесіп, «Манчестер Сити» сырт алаңда «Лутонды» Джек Грилиштің арқасында оп-оңай жеңген.
Холанд «Манчестер Ситиге» 2022 жылы жазда Дортмундтың «Боруссия» клубынан ауысып келді.
Бұл маусымда ол «қалалықтар» сапында барлық матчта 30 ойын өткізіп, 25 голмен көзге түсті.
Transfermarkt Холандты € 180 млнға бағалайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі