Аңызға айналған футболшы қайтыс болды

Аңызға айналған футболшы қайтыс болды

Диана Орынбасар
Фото: AI көмегімен жасалды

Әлем футболының аңызы, «Милан» клубының экс-қорғаушысы Франко Барези 66 жасқа қараған шағында өмірден озды. 

31 шілде күні Италия қара жамылды. Өйткені даңқты қорғаушы, «Миланның» аңызы Франко Барези дүние салды. Қорғаушы туралы қаралы хабарды клуб ресми парақшасында жариялап, жанкүйерлеріне қайғыра көңіл айтты. 

Франко Барезидің қазасына бүкіл «Милан» қайғырып жатыр. Оның адалдығы мен өнегесі 6 нөмірлі жейдесі секілді клубтың ДНҚ-сында мәңгі сақталады. «Милан» клубы осынау қиын сәтте Франко Барезидің отбасына қайғыра көңіл айтамыз, – деп жазылған «Милан» клубының инстаграмында. 

 

 

🚨 Heartbreaking news from Italy as legendary defender Franco Baresi has sadly passed away at the age of 66. 💔🇮🇹

🏟️ 719 games for AC Milan
🇮🇹 81 caps
🏆🏆🏆🏆🏆🏆 Serie A
🏆🏆🏆🏆 Supercoppa Italiana
🏆🏆🏆 Champions League
🏆🏆 UEFA Super Cup
🏆🏆 Intercontinental Cup
🏆 World… pic.twitter.com/lIyAvpNRKI

— Football Tweet ⚽ (@Footballtweet) July 31, 2026 

Франко Барези – әлем футболы тарихындағы ең үздік орталық қорғаушылардың бірі. Ол кәсіби мансабының барлығын бір ғана клуб – «Миланға» арнап, 1977 жылдан 1997 жылға дейін «қызыл-қаралардың» намысын қорғады. Осы уақыт ішінде 719 ресми матчқа қатысып, клубпен бірге алты мәрте Италия чемпионы атанды. Сонымен қатар үш рет Еуропа чемпиондар кубогын, кейінгі форматтағы Чемпиондар лигасын жеңіп алып, әлемдік футболдағы ең табысты қорғаушылардың біріне айналды.

Фото: sportmail.ru

Барези ұзақ жылдар бойы «Миланның» капитаны болып, клубтың алтын дәуірін қалыптастырған басты тұлғалардың қатарында болды. Оның алаңдағы салқынқандылығы, тактикалық сауаттылығы, қарсыластың ойын алдын ала оқи білетін ерекше қабілеті мен көшбасшылық қасиеті кейінгі буын қорғаушылар үшін үлгі саналды. Осы еңбегінің құрметіне «Милан» клубы оның 6-нөмірлі жейдесін мәңгілік айналымнан шығарып, бұл құрметке ие болған санаулы ойыншылардың қатарына қосты.

Италия құрамасы сапында да Франко Барези жарқын із қалдырды. Ол 1982 жылғы әлем чемпионы атанып, кейін ұлттық құраманың капитаны ретінде 1994 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетті. Барлығы Италия құрамасы сапында 81 матч өткізіп, өз дәуірінің ең беделді футболшыларының біріне айналды.

Фото: sport.rbc.ua

Франко Барезидің қазасы туралы хабар тарағаннан кейін әлемнің жетекші клубтары, футбол федерациялары, бұрынғы әріптестері мен миллиондаған жанкүйерлері көңіл айту хабарламаларын жариялады. Олар Барезиді тек ұлы қорғаушы ғана емес, адалдықтың, кәсібиліктің және бір клубқа деген шексіз берілгендіктің символы ретінде еске алуда.

 

Оқи отырыңыз

{