Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыІздеу жарияланған Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Дәуренбек Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор Шымкенттегі орта мектептердің бірінің директорын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін пара алды деген күдікпен Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. БАҚ мәліметінше, ол Антикор бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі. 2023 жылдың қарашасында Мақсат Қожабаев алаяқтық жасағаны үшін сотталып, бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
Дәуренбек Қожабаевқа тергеуден жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, – деп хабарлады Антикор.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді