29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты мен аумақтық органдарының жеке құрамымен кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.
Бүгінгі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
«Президент мемлекеттік органдардың елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тиімді жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты қатаң сын айтты. Мемлекет басшысы айтқан кемшіліктердің бірі – жемқорлық», - деді Бектенов.
Антикор басшысы барлық бөлімше басшыларына жол құрылысы мәселесі бойынша дереу егжей-тегжейлі ақпарат беруді тапсырды.
«Біз барлық ірі мердігерлерді және олардың артында тұрғандарды білеміз. Республикалық және жергілікті жолдарды салу кезінде анық қателіктер туралы ақпарат бар. Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп бұл мәселеде тәртіп орнатамыз. Бұл ретте адал бизнестің жұмысына араласуға жол беруге болмайды», - деп атап өтті Бектенов.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының баға белгілеуді бақылау, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жаңа ұлттық жобаларды әзірлеу мәселелеріне қатысты тапсырмалары талқыланды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек