Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген мына заң жобалары Мәжілісте қаралып жатыр:
«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Түзетулердің басым бөлігі жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.
Тұрмыстық жемқорлықты жою бөлігінде банктердің, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің бопсалау арқылы заңсыз сыйақы алу фактілерін ашудың тиімділігін арттыру бойынша түзетулер көзделген. Қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз бергені үшін жаңа баппен толықтырылады. Бұл тек алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.
Қазір аталған заң жобасы Мәжілістегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Топтың құрамында депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері бар.
Аталған заң жобалары жұмыс тобының мүшелері енгізетін түзетулерді ескеріп жетілдіріледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді