30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жасалатын алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта өзін Антикор төрағасы ретінде ұсынып, әртүрлі мәселелерді шешу үшін оның атынан қоңырау шалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті.
Мысалы, әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали ретінде өзін таныстыра отырып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Жуалы ауданы мектептерінің бірінің директорына жеке мәселелерін заңсыз шешу мақсатында қоңырау шалған жағдай тіркелді.
Қазіргі уақытта ол адам анықталды, оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылдануда.
Осыған байланысты, Facebook және Instagram, WhatsApp, Telegram және т.б.) мессенджерлерінде жалған аккаунттар жасайтындығын, сондай-ақ Агенттіктің басшылығы мен лауазымды тұлғалары аттарын жамыла отырып азаматтарды алдау және алаяқтық жолмен пайда табу үшін телефон қоңырауларын жасайтындығын еске саламыз.
Мұндай алаяқтық қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырамыз.
Осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды