Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеумен ұштасқан алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуде.
Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін ұсынған.
Сондай-ақ, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, азамат басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.
Егер Сіз немесе Сіздің таныстарыңыз күдіктінің әрекетінен зардап шегіп, сондай-ақ тергеу амалдарына пайдалы ақпаратқа ие болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келесі тәсілдердің бірімен хабарласуыңызды сұраймыз:
1. Департаментке мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 15
2. 8 (7272) 78-73-00 немесе 1424 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз
3. Telegram-бот @antikorkz_bot жазыңыз
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды