Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАнтикор Қазселденқорғау ісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Антикор мәліметінше, ұйымның басшылығы орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғанын және қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңге көлемінде пара алғанын растады.
Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте.
Бұрын Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімі болған (2013-2018 жылдар аралығы). 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарды. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?