Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің төрағасы Асхат Жұмағали Ирак Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер әл-Темимимен екіжақты кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Асхат Жұмағали Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформаларға шолу жасап, Ирак тарапын Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырумен таныстырды.
Ирак тарапы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық тәжірибесін зерделеуге және бейімдеуге, сондай-ақ ведомствоаралық және мемлекетаралық деңгейлерде екі елдің елшіліктері арқылы бірлескен жобаларды дамытуға және өзара іс-қимылды нығайтуға қызығушылық білдірді.
Агенттік мәліметінше, тараптар әріптестікті нығайтудың, тәжірибе алмасудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі бастамалармен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді