Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОтандық өнер жұлдыздарының бір тойдан алатын гонорары еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе артық. Тойдағы ең қымбат әншілердің бірі — Қайрат Нұртас. Отандық хитменді тойға шақыру үшін 5 миллион теңгеңіз болуы керек., деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Ал Жанболат пен Жазираның гонорары - 2,5 миллион теңге. Бұл сомаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығады және тойдың ортасында 4-5 хит әнін шырқайды.
Тоқтар мен Бейбітті тойға шақыру құны да 2,5 миллион теңге. Алайда мерекелік шара өзге қалада болған жағдайда қонақүй мен ұшақ билетін бөлек төлеуге тура келеді.
Әнші Айқынның шарты да осындай. Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1,5 миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал.
Той-бизнестің жарқын өкілі Нұрлан Еспанов араларында ең арзаны екен. Оның өзі 1 миллион 200 мың теңгеге тойыңызда қонақ болып, өнерін паш етуге дайын.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі