10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 22-кеңесі аясында өнер және жастар әні фестивалінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фестивальдің басты мақсаты – Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ШЫҰ елдері арасындағы достықты нығайтуға бағытталған.
Ашылу рәсімі жастар ән кеші форматында өтіп, түрлі жанрдағы музыкалық қойылымдар ұсынылды. Сахнада әртістер поп, джаз, опера және аспаптық музыка бағытында өнер көрсетті. Қазақстан атынан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Садраддин Болат (SADRADDIN) пен Рухия Байдүкенова қатысты.
Іс-шараға қатысқан Қазақстан делегациясын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Ол ШЫҰ кеңесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ұйымның мәдени диалогты дамыту мен гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудегі рөлін ерекше атап өтті.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді