Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘнші Наркенже Серікбаева мен Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының директоры Ғалымжан Ерназаров арасындағы дау оң шешімін тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тараптар өзара түсіністікке келіп, бір-бірінен кешірім сұрағанын мәлімдеді.
Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқан баршаңызға алғыс айтамын. Алла разы болсын! Бүгін филармонияға арнайы келіп, әкімшілік тарапынан құрылған комиссияның қатысуымен Ғалымжан Ерназаров мырзамен ашық сөйлесіп, бір-бірімізді түсіндік. Кешірім сұрасып, мәселені бейбіт түрде шештік, – деді Наркенже Серікбаева.
Филармония директорының айтуынша, бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырған соң, облыстық мәдениет басқармасы мен әкімдік тарапынан арнайы комиссия келіп, екі жақтың уәждерін тыңдаған.
Кешеден бері қоғамда кең талқыланып жатқан жағдайға байланысты көпшіліктен кешірім сұраймыз. Мұндай мәселе отбасылық деңгейде қалып, сыртқа шықпауы тиіс еді. Алайда жария болып кеткен соң, комиссия құрылып, екі тараптың талап-тілектері қаралды. Қазір ешқандай дау-дамай жоқ, бір-бірімізге өкпе де, шағым да қалмады. Ендігі жерде бұл мәселені ушықтырудың қажеті жоқ, – деді Ғалымжан Ерназаров.
Осылайша, тараптар ортақ мәмілеге келген.
Бұған дейін өнер иесі филармония басшысы тарапынан көрген қорлығы туралы айтып еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?