instagram.com/narkenjeserikbaeva

«Алдыма отыр, сені иіскеуім керек». Филармония басшысы Наркенже Серікбаеваның сөздерін жоққа шығарды

24.06.2025 12:36 5083

Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысынан көрген қысым жайында ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ол Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония басшысы тарапынан орынсыз әрекеттерге, моральдық және психологиялық қысымға ұшырағанын алға тартты.

Серікбаеваның айтуынша, басшылық тарапынан айтылған «Алдыма отыр, иіскеуім керек» сынды сөздер оны терең күйзеліске түсірген. Әнші бұл әрекеттерді қорлау және ар-намысты таптау деп бағалап, тиісті органдарға шағымдануға мәжбүр болғанын жеткізді.

Қазақтың қаракөз қаншама қызы дәл осындай жағдайға тап болуда. Бірақ көбісі үндемей жүр. Мен үндемей қала алмадым. Бұл менің ғана емес, бүкіл қыз-келіншектердің жанайқайы, – деп мәлімдеді Наркенже Серікбаева.

Оқиға қоғамда кең резонанс тудырып отыр. Әншіні қолдап, оның әділдік жолындағы әрекетін құптайтын азаматтар мен өнер саласындағы әріптестері әлеуметтік желілерде үн қосуда. Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған жағдайға байланысты тексеріс жүргізіп жатқаны туралы ақпарат таратты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ????????? ??????????? (@narkenjeserikbaeva)

Ал филармония басшысы Ғалымжан Ерназаров өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Ол ресми видеоүндеу жариялап, бұл мәселе сот арқылы шешілетінін мәлімдеді.

Кешегі әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына орынсыз күйе жағылып жатыр. Бұл мәселеде мен де заң аясында қорғалуым керек деп санаймын. Осыған байланысты сотқа шағым түсірдім. Енді сот шешімін күтейік. Содан кейін барлық ақпарат ресми түрде жария етіледі, – деді ол.

Филармония басшысы әнші Наркенже Серікбаеваның «жұмыстан қудаландым» деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Оның айтуынша, әртіс тұрақты түрде жұмысқа келмеген.

Сіздер әлеуметтік желідегі парақшаларынан көріп жүргендей, ол бірде Жезқазғанда, бірде Қызылордада – тойда жүреді. Жұмысқа мүлде қатыспайды. Шын мәнінде, оны жұмыстан босатуымыз керек еді. Бірақ біз жанашырлық танытып, бұл қадамға бармадық, – деді Ерназаров.

Сонымен қатар ол Наркенже Серікбаеваның өз кәсіби біліктілігіне қатысты айтқан сынына да пікір білдіріп, бұл мәселеге нүктені сот қоятынын жеткізді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Түркістан облысының мәдениет басқармасы (@turkistan_madeniet_basqarmasy)