Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕркін Нұржанов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында қонақта болып, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен не үшін кездескенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі жақында Астана қаласының Мәдениет басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, біраз мәселені талқылағанын айтты. Дегенмен әнші шенеуніктерден ақша не қызмет сұрап бармаған.
Қызметке құмар болсақ, осы уақытқа дейін барар ма едім. Осы әншілігімізді қарық қылып алайық. Мерекелік іс-шаралардың қарсаңында өтетін шығармашылық кешім мемлекеттік концерттермен сәйкес келіп қалмай ма, соны білуге барғанмын, - деді әнші.
«Ал мемлекеттік қызмет ұсынылса, қабылдар ма еді?» деген сауалған Еркін Нұржан былай деп жауап берді:
Әркімнің өз пікірі бар. Бірақ дәл менің жағдайыма осының өзі бір үлкен қызмет, үлкен жауапкершілік сияқты. Осы мойнымызға артылған жүкті аман-есен, абыроймен ел алдында атқарып шықсақ, соның өзіне шүкір деймін. Ал енді қызмет керек екен деп оған барып, ол жерде абыройсыз болып жүргеннен гөрі өз жұмысымды істей бергенім артық. Бірақ алда не боларын білмейміз. Қызмет ұсынып жатса, көрерміз. Жалпы, өз ынтам жоқ, - деді әртіс.
Еркін Нұржанов – «Үмітім гүлім», «Елге сағыныш», «Алақанымнан ұшқан аққуым» және тағы басқа әндерді көпшіліктің жүрегіне жеткізіп орындаған әнші.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады