1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіӘнші Динара Сұлтан күйеуімен ресми түрде некесін қидыруға неліктен асықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің сөзіне қарағанда, бұл ой әзіл ретінде басталған.
Жолдасымыз екеуміз танысқанымда «маған бес бала туып берсең, саған үйленемін» дегені бар еді. Негізі қалжыңдағаны ғой, дегенмен мені ондайға барады деп ойламаған сияқты. 22 жасымда біріншісін, 33 жасымда алтыншысын босандым. Үйленуге уақыт болмапты демеңіз, некемізді ислам діні бойынша о баста қиғанбыз. Ресми түрде асықпадық, өмірде небір жағдайлар болып қалады. Сөйтіп 2019 жылы тойымызды ең бірінші балаларымызға, одан соң туыс, дос-жаранға арнап жасадық. Енді міне, тағы бес жыл өте ресми түрде некемізді қидық, - деп жазды әнші.
Өнер иесі жастарға тым асығыс қадам жасамауға кеңес берді. Себебі еш ойланбастан шаңырақ көтеріп, оның соңы ажырасумен аяқталатын жағдайлар көбейген.
Жолдасымның нағыз жолдас, әке екенін о бастан түсіндім, оған күмәнім болмады. Еркекті көркейтетін – әрекет. Мен де, ол кісі де сөзімізде тұрдық. Енді жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады. Өкінішке қарай, 114 мемлекеттің ішінде Қазақстан 16-орында. Менің айтарым асықпаңыз, бұл өмірде ең бастысы – баланс, - деді Динара.
Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын әнші алты баласының әкесі Ерлан Қожасбаймен ресми түрде некелескенін мәлімдеген болатын.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?