Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТаиландта жол-көлік апатынан қайтыс болған отандық әнші Дархан Жүнісбековтің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «õzen» музыкалық лейблінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
«Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Оның барлық әндерін пайдалану құқығы ұлы Ади мен қызы Айданаға беріледі. Стримингіден түсетін 100% қаражат оның отбасына аударылады. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін көп жұмыс атқарылады. Оның музыкасы мәңгі сақталсын», - делінген «õzen» лейблінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Сонымен бірге, желіде қазақстандық жас әншілер Дархан Жүнісбековтің артында қалған екі баласы мен отбасына қолдау көрсету үшін көмек жинау басталғанын хабарлап жатыр.
Еске салайық, 24 ақпанда Пхукет аралында Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбеков жол-көлік апатынан қайтыс болды. Сыртқы істер министрлігі мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?