10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлеуметтік желіде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Бағдат Сәмединованың сырқаттанып қалғаны жайлы ақпарат тараған. Өнер иесі бұл сауалға өзі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Соңғы уақытта сіз туралы көп әңгіме жазылады. "Сырқаттанып қалды", "Шетелге емделуге кетті" дейді. Алаңдап қалғанымыз рас. Көрермендер де сұрап жатыр. Осы ақпарат рас па?", - деп сұрады.
Ал әнші Бағдат Сәмединова сырқаттанып қалғанын растады.
Болады енді, сырқаттанасың. Жазыласың. "Ауырдым, аунап тұрдым" деп жатады ғой. Сол сияқты, қазір жақсымын. Кішкене ауырып қалдым, - деді Бағдат Сәмединова.
Айта кетейік, біршама уақыт бұрын Бағдат Сәмединованың сырқаттанып, шетелге ем алуға ақша жинап жатқаны туралы ақпарат таралған еді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді