19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна — словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова — америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады — 7:6 (7:5).
Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды — 10:8.
Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары