20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Анна Данилина Монтеррей (Мексика) WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, мексикалық Джулиана Олмос – ресейлік Александра Пановамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп матчты жақсы бастап, бірінші партияда 2:0 есебімен алға шықты. Алайда Олмос – Панова есепті теңестіріп, тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:3).
Мексикалық-ресейлік дуэт екінші сетте бәсекені жеңіспен аяқтай білді – 6:4.
Бір сағат 35 минутқа созылған кездесу барысында Данилина – Хромачева 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Олмос – Панова 1 эйс, 4 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?