28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАндрес Иньеста маусымның соңында «Виссел Кобеден» кетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған орай клуб баспасөз жиынын өткізді. Футболшы жанкүйерлеріне алғыс айтып, көзіне жас алды.
Аты аңызға айналған испаниялық футболшы 1 шілдеде Жапония клубында соңғы матчын өткізеді. Ал 6 маусым күні «Барселонамен» жолдастық кездесу ұйымдастырылады.
Мен әлі де футбол ойнап, жарыстарға қатысқым келеді. Зейнетке осы клубтан кетемін деп ойлайтынмын, дегенмен менеджердің басқа жоспары бар екен. Клубтан кету туралы шешімім – ортақ шешім, - деді 39 жастағы футболшы.
Иньеста «Барселонаға» оралу туралы да пікір білдірді.
Бұған дейін айтқанымдай, өмірімнің бір бөлігінде «Барселонаға» оралғым келеді, бірақ бұл әлі алыс деп ойлаймын, - деп қосты Иньеста.
Иньеста 2018 жылы «Барсадан» кеткеннен кейін «Виссел Кобе» сапын толықтырды. Жапон клубы сапында ол 133 матчта 26 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?