7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Солтүстік Қазақстан облысында өз анасын жауыздықпен өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген 30 жастағы Константин Белопухов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот оны мәжбүрлі психиатриялық емдеуге жіберді.
Қайғылы оқиға 2023 жылдың 10 қарашасында Есіл ауданының Явленка ауылында болған. Күдікті анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйді өртеген.Іс Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Себебі сараптама айыпталушының психикалық ауытқуы бар екенін анықтады. Үкім жарияланған кезде Константин Белопухов сот залында болған жоқ, оның орнына заңды өкілі қатысты.
Сот қаулысымен Константин Белопухов аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚК 108-бабы 1-бөлігі) және бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы бүлдіру (ҚК 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағы) бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Себебі оның әрекеттері ақыл-есі дұрыс емес күйде жасалған, – деп мәлімдеді сот төрағасы Ерлан Нұршарыпов.
Судьяның айтуынша, психиатриялық сараптама айыпталушының өз әрекеттеріне толық жауап бере алмайтынын дәлелдеген.
Константин Белопухов бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол соңғы уақытта Ресейдің Омбы қаласында тұрып, анасына қонаққа келген кезде осындай ауыр қылмыс жасаған.
Қазіргі таңда ол арнайы психиатриялық мекемеде мәжбүрлі ем қабылдайды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?