Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Ал жапониялық Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды тағы бір жапондық спортшы Мисе Курэа (66.63) иеленді.
Ал Юлия Феклистова – 13-орынды иеленсе, Анастасия Ларионова – 17-орын, Виктория Кузнецова – 18-орын, Юлия Мокина – 22-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Анастасия Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар 2024 жылғы әлем чемпионатында спортшымыз могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді