Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТанымал әнші Сәкен Майғазиев ашуланғанда балаларына қандай ауыр сөз айтатынын айтып, жақсы сөз айтудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса, (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: «Ия, бұл әкең... бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган...», деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, «Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр...», деп «қарғайық». Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым тағы солай сияқты жақсы сөздермен еркелетейік, – деп кеңес айтты әнші.
Сондай-ақ, әнші қарғыстың қабыл болғаны туралы мысал келтірді.
1984 жылдан бері бас имам міндетін атқарған әл-Судайс «Анамның «қарғысымен» имам болдым» деп еске алады: «Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып, «Қағбаға имам болғыр, Судайс» дейтін. Анамның осы «қарғысы» маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым» деген екен. Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей, – деп жазды өнер иесі.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады