Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаздай қақшиып сапта тұрған ұлын құшақтаған ананың видеосы осылай талқыға түсіп жатыр.
Оқиға Маңғыстау облысындағы әскери бөлімдердің бірінде ант қабылдау кезінде болған. Баласын көрген ана шыдай алмай сапқа барып құшақтап алады. Ал сарбаз тек ернін жыбырлатып «Мама, маған қозғалуға болмайды» деп әскери тәртіпті еске салғысы келген.
Айналасы 5-6 күннің ішінде 9 миллионнан астам қаралым жинаған жүрек тебірентерлік бейнетаспаның астында 5 мыңдай пікір жазылыпты. Бәрі дерлік көкшетаулық Наталья Полоздың әрекетіне елжіреп, еріксіз көзге жас келгенін жазып жатыр.
Арасында «анаға әскери жарғы қызық емес, өйткені ол – ана» деп ерекше ой айтқандары да бар.
«Баласы ештеңеге қарамай мамасын құшақтауы керек еді» дейтіндер де табылды.
Уайымдаудың қажеті жоқ. Ант қабылдап болған соң жауынгер Исламбек Дадамирзаев анасымен көрісіп, мауқын басты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?