Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТәжікстанның Хуросон ауданында 27 жастағы әйел төртемді дүниеге әкелді. Дәрігерлердің мәліметінше, дүние есігін ашқан балалар мен аналарының жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бури Вохидов атындағы Хатлон клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, 14 қаңтар күні салмағы 1 келі 600 грамм мен 1 келі 700 грамм салмақтағы екі ұл мен екі қыз дүниеге келді. Балалардың анасы Мижгона Асоеваның жағдайы ауыр. Осыған дейін ол, бір рет құрсақ көтерген.
Балалардың дүниеге келгеніне екі күн болды. Олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Нәрестелерді құтқару үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ананың да, балалардың да жағдайы жақсарып кетеді деп үміттенеміз", - деді бас дәрігер Хушнуд Баходурзода.
Айта кетейік, Тәжікстанда осыған дейін алты сәби бір уақытта өмірге келген жағдайлар тіркелді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді