Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Монастир (Тунис) қаласында өтіп жатқан ITF M15 сериясындағы турнирде өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жас спортшы ширек финалда сенімді ойын көрсетіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Омарханов 890-орында тұрған үндістандық Чираг Духанмен кездесіп, алғышқы сеттен басымдылық танытты. Қазақстандық теннисші қарсыласына мүмкіндік бермей, екі сетте де айқын басымдық көрсетті есеп 6:1, 6:2.
Әлемдік рейтингтің 1100-орнында тұрған Омарханов енді финал жолдамасы үшін осы жарыстың басты фавориттерінің бірі рейтингі 585-інші, турнирдің алғашқы ракеткасы саналатын француз Томас Фурелмен күш сынасады. Маңызды кездесу 29 қараша, сенбі күні өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін жас теннисші өзінің жеңіс сериясын жеті матчқа дейін ұзартып, халықаралық аренада сенсациялық нәтиже тіркеген болатын. Спорт сарапшылары Әмірдің қарқыны мен ойын мәнеріне қарап, оның әлеуеті жоғары екенін және жақын болашақта тағы да ірі додаларда көзге түсуі мүмкін екенін атап өтуде.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді