29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘмір Омарханов Президент кубогі үшін Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл «Мадрид мастерс» турнирінің іріктеу сайысында бақ сынаған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов үшін бұл өзінің спорттық жолындағы алғашқы челленджер жарысы еді.
Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік Максим Жуков 19 жаста болатын.
Бірінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Омарханов брейк жасай білді. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:4.
Екінші сетте қазақстандық жас теннисші 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, ол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ойынды эйспен түйіндеді – 6:4.
Осылайша, ересектер арасында ATP жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Омарханов Президент кубогінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 533-ракеткасы, Саба Пурцеладземен таласады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек